Мәжіліс депутаттары уақыт белдеуіне қатысты зерттеуді 2025 жылғы наурызға дейін аяқтауды ұсынды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Зерттеу жұмысын үш айда аяқтағандарыңыз жөн. 2025 жылдың наурыз айында зерттеу қортындысымен, нақты ұсыныспен келесіздер деген үміттеміз», — деді мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.
Елнұр Бейсенбаев бірыңғай уақыт белдеуіне 10 млн адам қарсы деген мәлімдеме жасады. Ол бұл деректі қайдан алғанын айтпады.
«Қоғамдық резонанс бар. 10 миллионнан астам адам қарсы екенін айтып жүр.Кеше біз фракция отырысын өткіздік.Amanat партиясы халыққа қолайлы шешім қабылдауды ұсынады», — деді ол.
Депуттардың алдында денсаулық сақтау, сауда және интеграция, ғылым және жоғары білім министрі баяндама жасаған.
Уақыт белдеуі талқыланған жиынға журналистер қатыстырылмады. Бұл туралы «Власть» басылымы жазды.
Естеріңізге сала кетейік, Саясат Нұрбек бірыңғай уақыт белдеуінің әсерін зерттеуге 160 млн теңге жұмсалатынын, 3 жыл уақыт кететінін айтқан.