Жұрт Шеризат Болат ісіне қатысты үнсіз отырған әртістер мен блогерлерден жаппай бас тартып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұрт Шеризат Болат ісіне қатысты үнсіз отырған әртістер мен блогерлерден жаппай бас тартып жатыр

Жұрт Шеризат Болат ісіне қатысты үнсіз отырған әртістер мен блогерлерден жаппай бас тартып жатыр

Жаңа тренд халықтың қалауынан шықты.

  • 13 Желтоқсан
  • 109
Фото: caravan.kz

Әлеуметтік желіде жаңа тренд пайда болды. Бұл тренд Шерзат Болаттың қазасына қатысты қылмыстық істе үнсіз жатқан танымал адамдарға қатысты. Caravan.kz медиа порталы әлеуметтік желі жаңалықтарына шолу жасайды.

Әуелі аталмыш тренд Tik Tok әлеуметтік желісінен бастау алды. Трендтің мақсаты — Шерзат Болаттың өліміне қатысты үнсіз қалған танымал адамдардан бас тартып, оларға тіркелмеу.

«Халықтың басына күн туып, адам өмрі бір ішімдікпен есептеліп жатқанда үнсіз қалып, гив ойнатып, курстарын сатып өз қара бастарына келгенде «халқым» дейтін блогерлер мен әртістердің бізге қажеті жоқ», — деп пікір білдірді желі қолданушысы.

Бұл тренд енді Instagram-ға жетті. Жазушыларынан айырыла бастаған блогерлер енді ғана бұл іске қатысты пікірлерін білдіре бастады.

«Иә осыны жақсылап қолға алайық, қазақ халқы. Олар халықтың арқасында байып, шалқып білгендерін істеп курстарын ашып алдып жүр.

Олар бізге Қытайдың арзан тауарларын сатып, өздерінің түкке тұрғысыз курстарын өткізіп, біз арқылы ғана ақша тауып жүр.

«Бас тарту мәдениетіне» енді келіп жатырмыз. Қуанышты жаңалық,», — деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Жақында Астанада ер адам «Шерзат үшін» деген плакат ұстап шыққан фотосы тарады. Ол көшенің қақ ортасында митингіге шыққан. Артынша ер адамның ұсталғаны хабарланды.

Айта кетейік, Шерзат Болаттың қазасына қатысты тергеу жыл соңына дейін аяқталады. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты. Бүгінде қылмыстық іске қатысы бар 11 күдікті қамауда отыр. Барлығы жауапқа тартылды.

Шерзат Болаттың отбасы қауіпсіз жерге көшірілді. Полиция әлі күнге дейін отбасының үйін өртегендерді таппады. Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оны полиция растады.