Келешегіңді ойласаң «Келешек» аш: Балаларға бастапқы білім беру капиталы есептеледі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Келешегіңді ойласаң «Келешек» аш: Балаларға бастапқы білім беру капиталы есептеледі

Келешегіңді ойласаң «Келешек» аш: Балаларға бастапқы білім беру капиталы есептеледі

Ал сіздер "Келешек" туралы естідіңіздер ме?

  • 17 Желтоқсан 2024
  • 40
Фото: seekingalpha.com

Сенат депутаттары Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне өзгерістер енгізу туралы түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Түзетулер ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларындағы артық заңнамалық реттеулерді алып тастауды көздейді.

“Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі енгізіледі, ол:

-Балаларға бастапқы білім беру капиталына мемлекеттік қолдау көрсетеді.

-Мемлекеттік сыйақы мен салымдарға кепілдік береді.

-Бастапқы білім беру капиталы:

-Барлық балаларға: 60 АЕК (221 520 теңге).

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға: 120 АЕК (443 040 теңге).

Мемлекеттік сыйақы:
-Жылына 5%.
-Әлеуметтік осал топтардан шыққан балаларға – 7%.

Жинақтарды қайда жұмсауға болады?

Қазақстандағы және шетелдегі колледждер мен жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге;
-Жинақты жалғастыруға;
-Үшінші тұлғаларға аударуға;
-Тұрғын үй сатып алуға.

Егер бала мемлекеттік грант алса, жинақтар отбасының иелігінде қалады.

Сонымен қатар, заң аясында мәдениет, білім беру және архив ісі салаларында артық бюрократияны азайту, шығармашылық индустрияларды қолдау тетіктерін жетілдіру бойынша нормалар мақұлданды.

Енді шарттарымен танысайық

Мемлекет өз тарапынан 5 жасар балалар үшін 60 АЕК, яғни 221 520 теңге көлемінде, ал жетім балалар үшін 120 АЕК, яғни 443 040 теңге мөлшерінде бастапқы капитал салады. Алайда осымен тоқтап қалмайды, ата-ананың да мойынында жауапкершілік пен міндет бар. Шот ашылғаннан кейін ата-аналар жыл сайын 24 АЕК көлемінде, яғни 88 608 теңге салып отыруы керек. Ал халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар үшін 12 АЕК, яғни 44 304 теңге мөлшеріндегі жарна енгізілуі керек.

Бұл кәдімгі өзіміздің депозит сияқты жұмыс істейді. Яғни аталмыш жинаққа банк немесе сақтандыру компаниясынан тұрақты табыстылық мөлшері есептелік отырады, бұдан бөлек жыл сайын барлық балалар үшін 5%, әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары үшін 7% мемлекеттік сыйақы қарастырылған. Яғни екі еселенген пайда көресіз.

Жиналған қаражатты Қазақстандағы немесе шетелдегі колледждер мен университеттерде оқуға жұмсауға болады. Ал егер бала грантқа түсіп кетсе, тіпті жақсы, үй алып бересіз немесе басқа бір игілігіне жаратасыз.

«Бұл мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған үлкен қолдау деп есептеймін. Себебі қазір ЖОО-дарындағы оқу ақысын екінің бірінің қалтасы көтере бермейді. Өзіміздің жергілікті университтердің өзінде оқу ақысы миллионды жағалап қалған, кейбірінде тіптен қымбат. Ал шетелдік ЖОО-дары туралы мүлде ештеңе айтпай-ақ қояйын», — деп пікір білдірді Сәуле Әбілдаханқызы.

Сонымен бала мектеп бітіргенде ата-ана қаражат таппай дал болады, содан несие алып, оқытады. Балам жұрттан кем қалмасын демейтін ата-ана бар ма. Содан қарызданып, қауғаланып жүреді баласы оқу бітіргенше. Ал қыстың қамын жаз ойлап, қазірден бастап жинақ ашса, ертең бала мектеп бітіргенде еш алаңсыз өзі қалаған оқу орынын таңдай алады. Ал бұл баланың болашағына құйылған ең үлкен инвестиция екеніне ешкімнің дауы жоқ.

Мемлекет тарапынан осындай маңызды, пайдалы әрі халықтың игілігі үшін жасалып жатқан жобалардың көбейіп келе жатқаны қуантады.

Ғабит Мүсірепов атамыз кезінде «Қазақтың оқуда кеткен есесі көп. Атаң үшін де оқы, әкең үшін де оқы, өзің үшін де оқы!» деп айтып кеткен екен. Сондықтан оқуға ынтық болып, мемлекет осындай мүмкіндік беріп тұрғанда, пайдаланайық.

Перейти к новостям спорта