Елімізде көшпелі циркке тыйым салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 524.66
  • 550.21
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде көшпелі циркке тыйым салынады

Елімізде көшпелі циркке тыйым салынады

Жануарларды қорғау күшейтіледі.

  • 18 Желтоқсан
  • 6
Фото: ашық дереккөз

Жануарларға жауапкершілікпен қарау заң нормасында қарастырылған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бұл норма 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетінін мәлімдеді.

«Шын мәнінде жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнамада жабайы жануарларды көрмеге шығаруға, көшпелі зообақтарға, көшпелі океанариумдарға және сол сияқты шараларға тыйым салатын норма көзделген», — деді министр.

Осылайша еліміз жануарларды қатыстыру арқылы ұйымдастырылатын көшпелі цирктер мен зообақтардың қызметін шектеп, жануарларға қатысты қатыгездіктің алдын алуды қолға алады.

Қазіргі таңда Қазақстанда бірнеше стационарлық цирктер жұмыс істейді. Олардың қатарында Алматы, Астана, Шымкент және Қарағанды қалаларындағы цирктер бар.