"Анамнан айырмаса екен, одан басқа ешкімім жоқ": Шерзаттың әпкесінің ұлы Президентке үндеу жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Анамнан айырмаса екен, одан басқа ешкімім жоқ": Шерзаттың әпкесінің ұлы Президентке үндеу жолдады

"Анамнан айырмаса екен, одан басқа ешкімім жоқ": Шерзаттың әпкесінің ұлы Президентке үндеу жолдады

Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды.

  • 20 Желтоқсан 2024
  • 30
Фото: видеодан алынған

Видеоүндеу әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Реимова бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасынан кейін 15 тәулікке қамалған еді. Оның ұлы жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгініп, көмек сұрады.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы. Мен Реимов Мейірбек Бақытұлы — Бақыт Реимованың баласымын. Менің анамды сот 15 тәулікке қамап, Қазақстан аумағынан шығару жөнінде шешім шығарған болатын. Менің анам менің жалғыз асыраушым. Мен кәмелет жасқа толмаған баламын. 11-сыныпта оқимын. Анамның менен басқа ешкімі жоқ, менің де анамнан басқа ешкімім жоқ. Мені анамнан айырмауларыңызды сұраймын. Менің анамның Қазақстаннан басқа барар жері жоқ. Анам да, мен де қазақпыз. Мен өз елім үшін қызмет еткім келеді. Менің анамды сот Қазақстан аумағынан шығаратын болса, мен анамды бес жыл көре алмаймын. Бұл үкімді өзіңіз қарауыңызды сұраймын», — деді Мейірбек Реимов.

Айта кетейік, Бақыт Реимованы полиция ағасы Қаржаубай Нұрымовпен қатар 15 тәулікке қамаған.

Перейти к новостям спорта