Шерзат Полаттың әкесі қашан бостандыққа шығатыны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шерзат Полаттың әкесі қашан бостандыққа шығатыны белгілі болды

Шерзат Полаттың әкесі қашан бостандыққа шығатыны белгілі болды

Шерзаттың ісі толық тергеліп сот басталатын уақыт жақындады.

  • 23 Желтоқсан 2024
  • 16
Facebook/Нәзия Жоямергенқызы

Адвокаттар марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Бүгін Қаржаубайдың хал жағдайын білу үшін Қонаев қаласына келдік. Қазір көріп, қолын ұстап амандасып шықтық. Бәрі дұрыс, дені сау, ешкім қысым көрсетпеген. Тамақ беріп жатыр, жылы жерде отыр. Құдай қаласа, 25 желтоқсан түнде бостандыққа шығады», — деді адвокаттар.

Еске салсақ, 11 желтоқсанда Қаржаубай Нұрымов қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын.

Айта кетейік, 16 жасар Шерзат Полаттың айуандықпен өлтірілгелі екі айдан асты. Осы апта әкесі тергеу изоляторынан шығады. Шерзаттың ісі толық тергеліп бітіп, сот басталады. Қылмыстық істі тергеу барысында 170-тен астам кәугерден жауап алынды. 40-тай сарапшы тағайындалған. Өз үкімін күтіп қамауда 11 адам отыр. Ал әкесінің қарындасы Бақыттың паспортына қара мөр басылып, депортқа кетеді.

Перейти к новостям спорта