Алматыда метро бекеттерінде интернет пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда метро бекеттерінде интернет пайда болды

Алматыда метро бекеттерінде интернет пайда болды

Алдағы уақытта барлық метро бекеттерінде интернет қол жетімді болмақ.

  • 24 Желтоқсан 2024
  • 8
Фото: caravan.kz

Метрополитеннің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, интернет жеті бекетте қол жетімді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ұялы байланыс пен интернет «Райымбек», «Жібек Жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «М. Әуезов атындағы театр», «Алатау» станцияларында пайда болған.

Тағы төрт станцияны қосу үшін техникалық жұмыстар жүргізілуде.

«Бүгінгі таңда бір байланыс операторы өз базалық станцияларын орнату жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта метрополитен мамандары барлық ұялы байланыс операторларын тартуды жоспарлап отыр», — деп толықтырды баспасөз қызметі.

Байланыс платформаларда пайда болды, енді жоспар бойынша ұялы байланыс пен интернет вагондардың ішінде болуын қамтамасыз ету.

Перейти к новостям спорта