"28 адам тірі қалғанымен, жағдайы өте ауыр": Ақтаудағы ұшақ апаты туралы қазірге не белгілі? - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"28 адам тірі қалғанымен, жағдайы өте ауыр": Ақтаудағы ұшақ апаты туралы қазірге не белгілі?

"28 адам тірі қалғанымен, жағдайы өте ауыр": Ақтаудағы ұшақ апаты туралы қазірге не белгілі?

Ұшақ бортында Қазақстан азаматтары да болған.

  • 25 Желтоқсан
  • 19
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдай министрлігінің ресми ақпаратына сүйенсек, құлаған ұшақ апатынан 28 адам тірі қалған, алайда кейбірінің жағдайы өте ауыр. Арасында екі кішкентай бала бар. Сaravan.kz медиа порталы толық тарқатады.

Көлік министрілігінің дерегінше, ұшақта 6 Қазақстан азаматы болған. Одан бөлек жолаушылар арасында 37 Әзірбайжан, 3 Қырғызстан, 16 Ресей азаматы бар. Дегенмен, бұл ақпарат әлі де өзгеруі мүмкін.

Ұшақ құлаған жерден 4 мәйіт табылды. Ал ұшақтың экипажы аман қалмады. Әзербайжан ТЖМ алдын ала мәліметінше, AZAL әуе кемесінің екі ұшқышы да қаза тапты. Ұшақ бортында 67 адам болған.

Апатқа қатысты Росавиацияның болжамы бойынша, ұшақ құстармен соқтығысып қалған. Командир Каспий теңізінің үстінде төтенше жағдай туралы сигнал беріп, Ақтау қаласында қонбақ болған.

«Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖД, МӨСК, ПД-ның жеке құрамынан 150 адам және 45 бірлік техникасы барды», -делінген ТЖ министрлігінің ресми мәліметінде.

Айта кетейік, бүгін, 25 желтоқсан күні сағат 11:25-те Ақтаудың жанында Баку-Грозный бағытында ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.Қазақстанның азаматтық авиация комитеті хабарлағандай, бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.

Ақтаулықтар азаматтық парызымыз деп, қан орталығында қан тапсыруда. Апаттан тірі қалғандарға көп қан керек.

Ұшақ апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Көлік полиция департаменті хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, «Екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соқтырған көлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Azerbaijan Airlines ұшағында қаза тапқан экипаж мүшелері мен жолаушылардың жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

Ильхам Әлиевтің тапсырмасымен Әзербайжан үкіметінің делегациясы Ақтауға ұшып шықты. Апатқа байланысты Әзербайжан президенті де Ресейден Бакуге шұғыл аттанды. Сондай-ақ ол қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.