Қазақстан шетел азаматтарына ЖСН беруді тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан шетел азаматтарына ЖСН беруді тоқтатты

Қазақстан шетел азаматтарына ЖСН беруді тоқтатты

Қазақстан шетел азаматтарына ЖСН беруді тоқтатты.

  • 31 Желтоқсан 2024
  • 6
Фото: Тұрар Қазанғапов

Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі хабарлады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмерін қалыптастыру» пилоттық жобасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдік азаматтарға ЖСН беру уақытша тоқтатылды», — делінген елшілік таратқан ақпаратта.

ЖСН-ға қатысты қосымша ақпарат елшіліктің сайтында жарияланды.

Ресми статистикаға сүйенсек, 2022 жылы Ресей азаматтары арасында ЖСН алу 16 есе, ал Украина азаматтары арасында 3 есе өскені байқалған.

2023 жылдың қараша айында Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру тәртібін қатаңдату туралы жаңа ережелер ұсынылды. Бұл түзетулерге сай шетелдіктер ЖСН алу үшін қосымша құжаттар ұсынуы және ҚР мемлекеттік шекарасын кесіп өту фактісін растауы қажет.

Перейти к новостям спорта