Қазақстанда жедел жәрдемді ақшаға шақырсаң ғана ауру адамға жақсы қарайды - блогер - kaz.caravan.kz
  • $ 526.81
  • 542.72
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жедел жәрдемді ақшаға шақырсаң ғана ауру адамға жақсы қарайды - блогер

Қазақстанда жедел жәрдемді ақшаға шақырсаң ғана ауру адамға жақсы қарайды - блогер

Белгілі блогер жедел жәрдемнің жұмысына шүйлікті.

  • 13 Қаңтар
  • 10
Фото: nur.kz

Бұл туралы блогер Сәбина Мовлаева өзінің әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Түнгі 3-те анам ауырып қалды. Қазір жедел жәрдем қызметі тегін және ақылы болып бөлінеді екен. Бірінші тегін жедел жәрдем келген кезде, олар немқұрайлы қарап, дым білмейді де, қалай-болса солай қарады да кетіп қалды. Кейін ақылы жедел жәрдем шақырттым. Шақыруына 35 000 теңге төледім. Олар енді барлық жағдайын жасап, ауруханаға алып кетті, бүгін операция жасайын деп жатыр. Біздің елде тек ақша төлесең ғана жақсы қарайды ма, сонда? Мен осыны түсінбеймін», — деді блогер.