Маңғыстау облысында қабаған алабай оқушыны талап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 527.58
  • 546.15
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында қабаған алабай оқушыны талап тастады

Маңғыстау облысында қабаған алабай оқушыны талап тастады

Маңғыстау облысында қабаған алабай оқушыны талап тастады. Иттен қолымен қорғанған 15 жастағы бала қазір ауруханада жатыр. Оқиға Ақшұқыр ауылында болған.

  • 22 Қаңтар
  • 4
Информбюро

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Информбюро-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ит талап тастаған жеткіншекке куәгерлер араша түсіп, полиция мен жедел жәрдем қызметін шақырыпты. Олардың айтуынша, бала мектепке қарай бара жатқан екен. Сол сәтте тұтқиылдан алабай тап берген. Тәртіп сақшылары иттің иесін тауып, тұрғынға үй жануарын ұстау ережесін бұзғаны үшін 40 мың теңге айыппұл салған. Дәрігерлер оқушының жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

НҰРСҰЛТАН НҰРЫМОВ, Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының дәрігері:

— Иттің тісінің бөлімі шынтақтан төмен қарай. Екі қолында көптеген әр жерден тістелген жарақаттармен келіп түсті. Бала ит шапқан кезде қолымен қорғанған. Сол үшін тек қол аймағындағы көбісі тістеп тастаған. Ал қалған денелері сау. Тек консервативно дәрі-дәрмекпен, жаңағы антибактериялық және вакцинациялық бешенствоға қарсы укол салынады.