Ақтөбеде заңсыз ет цехы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 500.32
  • 545.3
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде заңсыз ет цехы анықталды

Ақтөбеде заңсыз ет цехы анықталды

Ол жерде етті рұқсат құжаттарынсыз және ветеринариялық-санитариялық бақылаусыз мүшелеген

  • 18 Наурыз
  • 6
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе қаласында заңсыз ет өңдеу цехы анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, заңсыз цех ет өнімдерін өңдеумен ғана емес, сатумен де айналысқан.

«Ол жерде етті рұқсат құжаттарынсыз және ветеринариялық-санитариялық бақылаусыз, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды бұза отырып мүшелеп, сатқан», — дейді полицейлер.

Цехта ет пакеттері, тартылған ет, тұтас ұша және ірі қара мал бастары, ет қалдықтары, етті кесуге және ұсақтауға арналған жабдықтар тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Ал Мұғалжар ауданында 4 жылқы ұрлады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктінің шаруашылығында қос ұңғылы аңшылық мылтық, ет кесуге арналған түрлі пышақтар, арқан, таразы, жануардың іш бөліктері тәркіленді.

Айта кетері, облыста жыл басынан бері 5 мал ұрлығы тіркелді. Осы уақытқа дейін үш қылмыстық іс ашылды.