"Менмендігін басу керек": психолог ажырасуға дайын тұратын әйелдер мен еркектер туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Менмендігін басу керек": психолог ажырасуға дайын тұратын әйелдер мен еркектер туралы

"Менмендігін басу керек": психолог ажырасуға дайын тұратын әйелдер мен еркектер туралы

Танымал психолог Ержан Мырзабаев қазақ қоғамында не себепті ажырасу көрсеткішінің тым жоғарылап кеткенін түсіндірді.

  • 16 Мамыр 2025
  • 35
Instagram/Қазақстан Ұлттық арнасы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Отбасылық психолог Қазақстан телеарнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасына қонақ болған.

Ол отбасын сақтаудағы ерлі-зайыптылардың жауапкершілігі жайында айтты. 

«Отбасын құру – жауапкершілік. Жауапкершілік алу көп жағдайда жеке адамның еркіндігін шектейді. Отбасы мүддесі бірінші орында болуы қажет. Еркіндіктен компромисс маңызды. Және отбасында бақыт тапқан адамдар еркіндігін оңай шектей алады. Ерлі-зайыптылар отбасын сақтау үшін менмендігін басып, өз рахатынан бас тартқан жөн. Өйткені біз некеге тұрарда уәде беріп, жауапкершілік аламыз», — дейді психолог.