Бұл туралы ол “Таңшолпан” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Менің есімім мұсылман есім емес. Мен оны кішкентай кезімнен білетінмін. Бірақ, анамның көңіліне қарайтынмын. Ренжіп қалмас бе екен деп. 2023 жылы ояндым да, имам шақырып есімімді ауыстырсам дедім. Хатиджа деп өзім есімді таңдап алдым. Азан шақырып, Құран оқытып есімімді ауыстырдым”, — деді әнші.
Сондай-ақ, ол есімін ауыстырғалы көп өзгеріс болғанын айтты.