"Жалоловқа “шаңыраққа қара” деп ескерткенмін": Темірлан Мұқатаев өзбек боксшысын қалай жеңгенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жалоловқа “шаңыраққа қара” деп ескерткенмін": Темірлан Мұқатаев өзбек боксшысын қалай жеңгенін айтты

"Жалоловқа “шаңыраққа қара” деп ескерткенмін": Темірлан Мұқатаев өзбек боксшысын қалай жеңгенін айтты

Бокстан Қазақстанның 5 дүркін, жастар арасындағы Азияның 4 дүркін чемпионы Темірлан Мұқатаев өзбек боксшысына ескерту жасағанын айтты.

  • 4 Мамыр
  • 55
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол Elkz YouTube арнасына берген сұхбатында 2024 жылы Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында өзбек боксшысы Самандар Жалоловпен кездесуінде болған оқиғаны баяндап берді.

«4 Азия чемпионатының финалында өзбек боксшыларымен шықтым. Ешқайсысына ұтылмадым. Одан бөлек, турнирларда шыққам. Шүкір, ұтылмадым. Жалоловқа “шаңыраққа қара” деп ескерткенмін. Кездесу барысында ол да мінез көрсетіп, бірдеңе дәлелдеуге тырысты. Бірақ біз де намысты қолдан бермейтін жігітпіз ерегессе, жауапсыз қалдырмаймыз. Дегенмен ағайлар сабыр сақтауды тапсырды.

Самандар Жалолов қазақ жерінде қазақты жеңем деп ойлады. Біз өз мүмкіндігімізді күттік. Басымдықты қолға алып, жеңіске жеттік. Мәселені жаптық», — деді Мұқатаев.

Айта кетейік, Темірлан Мұқатаев отандық бокс жанкүйерлері арасында бірде бір өзбекстандық қарсыласына жеңілмеген боксшы ретінде танымал.