Бұл туралы ол Tiktok желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Наркенже сияқты әншілер, сіздерге ескерту! Халықтың мазасын неге аласыздар? Әсіресе қандастар, келіп көп бүлік шығарасыздар. Сосын халықтың артына тығыласыңдар. Біздің тұрғылықты олай көп айқай шығара бермейді. Шығарды ма, соңына дейін бару керек. «Қыздардың намысын жыртады» дедіңіз. Ал енді «келістік» дейсіз. Сонда қалай келістіңіз? Еңірегенде етегің толып, халықтың бәрін шулаттың. Қалай келістіңіз? Сізге сұрақ. Наркенже, сіз екіжүзділікті қойыңыз. Мен сізді көп ұната бермеймін. Келіп емделіп, бала көтергенде де Айнұр Тұрсынбаева мен Гүлзираға мені сатып кеткенсіз. Ондай екіжүзді әйелдерді көп жақсы көре бермеймін. Намысың бар қызсың ғой, неге соңына дейін бармайсың? Әлде өтірік айттың ба? Онда өтірік айтқан болып тұрсыз», — деді сынықшы.