Трамп Қазақстандағы АҚШ елшісі лауазымына кімді ұсынды? - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Трамп Қазақстандағы АҚШ елшісі лауазымына кімді ұсынды?

Трамп Қазақстандағы АҚШ елшісі лауазымына кімді ұсынды?

Қазақстандағы АҚШ елшісі лауазымына жаңа үміткер ұсынылды

  • 10 Шiлде
  • 4
ФОТО: Джули Стафт. Видео кадры

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақ үйдің ақпаратына сүйенсек, Президент Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына Огайо штатынан Джули Стафты ұсынды.

Қазір оның кандидатурасы Сенатқа мақұлдау үшін жіберілді.

Айта кетейік, Джули Стаффт — АҚШ дипломаты, аға дипломатиялық қызметтің мүшесі, бұған дейін мемлекеттік департаменттің консулдық істер бюросының визалық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры болған. Ол Ресейдегі, Польшадағы, Эфиопиядағы, Молдовадағы және Джибутидегі АҚШ елшіліктерінде, сондай-ақ, COVID-19 пандемиясы кезінде америкалықтарды қорғау шараларын үйлестірген Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінде жұмыс істеген.

Еске салайық, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм 2024 жылы желтоқсанда зейнетке шығуына байланысты отставкаға кететінін жариялады.

Перейти к новостям спорта