Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Егер әкемді құрметтейтін болсаңыз, мұндай өтірікті айтпас едіңіз. Бұл сөздерді мен ешқашан айтқан емеспін, енді соны сотта дәлелдеуіңізге тура келеді”, — деп жазды продюсер.

Айта кетейік, жазушы Серік Сыбанбай “Жұлдыздар отбасы” журналында жұмыс жасаған кезін еске түсіріп, бір оқиғаны айтқан еді.
”Баян Есентаева туралы жазбаймын деп ем… Шыдадым біраз күн.
Болмады.
Себебі бар.
Сұлу шығар, актриса шығар, әнші шығар, продюсер-ұйымдастырушы шығар, басқа да ырғын тірлігі бар шығар, Меруерт Өтекешоваға күн сайын мың доллар беріп тұратын шығар, апайдың айтулы қамзолын сыйға тартқан шығар, және қырық қамзол, отыз орамал берер – бірақ осы қыз маған жақпай-ақ қойды.
«Жұлдыздар отбасында» жүргенімде бір-ақ рет сөйлескем. Әрине, орыс тілінде. Сондағы бір ауыз сөзі жетеді маған. Жек көруге.
– Мы тихо-мирно жили в прекрасном районе Алматы. А потом… понаехали эти… мамбеты, – деген.
Осы сөзді кешіре алмаймын.
Ол ҚАЗАҚТІЛДІ ҚАЗАҚТАРДЫ жек көреді.
Бүкіл сұхбатынан, сөзінен, көзінен көрініп тұрады. Әрине, кейінгі кезде жасырыңқырауға тырысады. Пәле ғой. Бірақ қайдағы… бәрібір білінеді.
«Одан бері он алты жыл өтіпті ғой, Баянның ойы өзгерген шығар?» дейсіз бе? Ха. Ромен Роллан айтпақшы, «адам өзгермейді, қалай туды – солай өледі».
Сондықтан Баян не істеп жатыр, «кто она такая» – мені қызықтырмайды.
Қазақы қазақты жек көретін адам — мен үшін қазақтың жауы”, — деп жазды жазушы.
