Sarbaz 2.0: Жасанды интеллект ЖОО-ға түсу процесін жеңілдетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Sarbaz 2.0: Жасанды интеллект ЖОО-ға түсу процесін жеңілдетеді

Sarbaz 2.0: Жасанды интеллект ЖОО-ға түсу процесін жеңілдетеді

Енді жас сарбаздардың жоғары оқу орындарына түсу процесі жеңілдей түспек. «Sarbaz 2.0» жобасы аясында жасанды интеллект элементтері енгізіліп, кейбір процестер автоматтандырылады. 

  • 24 Шiлде
  • 6
Фото: pixabay.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы бүгін «Қазақстан Республикасындағы Қарулы Күштердің цифрлық трансформациясы» баспасөз конференциясында Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді.

– Біз «Sarbaz 2.0» жобасы аясында жасанды интеллект элементтерін енгізуді қарастырып жатырмыз. Олар ЖОО берген ұсынымдарды пайдаланушы профилі арқылы бағдарламаларды таңдауды, құжаттарды автоматты түрде тану мен тексеруді, сондай-ақ оқу үлгеріміне талдау жүргізуді және ЖОО-ға түсу бойынша ұсынымдар беруді қамтиды. Пайдаланушы SMS немесе e-mail арқылы хабарлама алады. Ал басшылық осы портал арқылы статистиканы бақылап, талдау жасай алады. Жобаға енгізілген чат-бот жиі қойылатын сұрақтарға жауап бере алады. Бұл бойынша қазір жұмыстар атқарып жатырмыз, – дейді Дархан Ахмедиев.

Перейти к новостям спорта