Қазақстан халықаралық төрелік сотында өз ұстанымын қорғап шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан халықаралық төрелік сотында өз ұстанымын қорғап шықты

Қазақстан халықаралық төрелік сотында өз ұстанымын қорғап шықты

Қазақстан Республикасы халықаралық төрелікте кезекті рет жеңіске жетті

  • 3 Қыркүйек
  • 5
Фото: UN Photo/Rick Bajornas

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, Гаага қаласындағы Тұрақты төрелік палатасы (ТТП) әкімшілігіндегі Евгений Белавиннің Қазақстанға қарсы бастаған UNCITRAL (Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясы) төрелік ісі тоқтатылды.

Аталған төрелік іс 1997 жылғы Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы екіжақты инвестициялық келісімге негізделген. Іс барысында Е.Белавин Қазақстаннан 34 миллиард АҚШ долларынан астам өтемақы өндіруді талап еткен болатын.

2025 жылғы 1 қыркүйекте Төрелік трибунал істі дереу тоқтату туралы қаулы қабылдап, талапкерді трибунал мен ТТП-ның барлық шығындарын төлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының төрелік барысында жұмсаған шығындарын өтеуге міндеттеді.

Сонымен қатар, трибунал Қазақстан Республикасының ұстанымын толық қолдап, мемлекетке қарсы қойылған барлық айыптауларды заңсыз деп таныды.

Перейти к новостям спорта