Алматыда жылу беру маусымы қашан басталады? - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жылу беру маусымы қашан басталады?

Алматыда жылу беру маусымы қашан басталады?

Алматы қаласы тұрғындарына жылу қашан берілетіні айтылды

  • 19 Қыркүйек
  • 8
ФОТО: baq.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

“Алматы жылу желілері” мәліметінше, қалада жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес, жылыту кезеңі сыртқы ауаның тәуліктік орташа температурасы +8 градустан төмен көрсеткіш 5 тәулік қатарынан сақталған жағдайда басталады.

Тұтынушыларды жылумен қамту кезең-кезеңімен мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

• балалар, медициналық, мектеп мекемелері, кәсіби мектептер, медико-әлеуметтік ұйымдар;
• тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақүйлер;
• әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
• өзге де нысандар.

Жылыту маусымы басталғаннан кейін жылу желілері үйлерге жылу беруді бастау үшін кіреберістегі параметрлерді қамтамасыз етеді. Ал пәтер иелерінің кооперативі және мүлік иелерінің бірлестігінің апаттық және сервис қызметтері тұтынушыларды тараптардың пайдалану шекарасында қосып, үй ішіндегі жүйелерді реттейді, – деп хабарлады ведомство BAQ.KZ тілшісіне.

Перейти к новостям спорта