Қазақстандағы жас ғалымдарға арналған гранттар: Конкурсқа қалай өтініш беруге болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.63
  • 583.22
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы жас ғалымдарға арналған гранттар: Конкурсқа қалай өтініш беруге болады?

Қазақстандағы жас ғалымдарға арналған гранттар: Конкурсқа қалай өтініш беруге болады?

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсының басталғанын жариялады

  • 23 Қыркүйек 2025
  • 9
ФОТО: baq.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау 25 қыркүйектен басталып, 25 қазанға дейін жалғасады, — деп хабарлады Министрліктің баспасөз қызметі.

Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:

– Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану;

– Энергия, озық материалдар және көлік;

– Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;

– Елдің зияткерлік әлеуеті;

– Өмір және денсаулық туралы ғылым;

– Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту;

– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік ғылыми бағыттары.

Айта кетейік, ғылыми жетекшінің және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz арқылы беріледі.