"Көңілім қалды": Атышулы "Келінжан" сериалының продюсері Баян Алагөзова туралы бұрын еш жерде айтылмаған сырымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Көңілім қалды": Атышулы "Келінжан" сериалының продюсері Баян Алагөзова туралы бұрын еш жерде айтылмаған сырымен бөлісті

"Көңілім қалды": Атышулы "Келінжан" сериалының продюсері Баян Алагөзова туралы бұрын еш жерде айтылмаған сырымен бөлісті

Танымал продюсер, көрермен көзайымына айналған "Келінжан" телехикаясының авторы Гүлнұр Мамасарипова Баян Алагөзова туралы құпиясымен бөлісті.

  • 29 Қыркүйек
  • 35
Сaravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Гүлнұр Мамасарипова бұл туралы журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында мәлімдеді.

«Бір-ақ нәрсе өкінетінім, ол достықты жоғалтып алғанымыз, қалғанының бәрі ерунда. Қалғанының бәрі орнына келді, маған да жұмыс табылды, оған да. Мен де өзімнің ары қарай сериалдарымды түсіріп кеттім.

Өте нәзік нәрсені сындырып алдық. Сол ғана өкінішті, өмірде болатын шығар сондай нәрселер. Әр түрлі ситуациялар болды, өмірде біраз адамдармен ренжісіп қаласың.

Көңілің қалып қалады, араласпай кетесің, сондай ситуациялар болады ғой. Бірақ біраз уақыт өтіп кеткеннен кейін бір жерде көріп қалсаң, сәлемің түзу, амандасып кете бересің. Сондай жағдайлар болып қалады адамның өмірінде.

Ал, кейде жақын адамға қатысты сол нәрсені істей алмай қаласың. Неге мен баруым керек деген нәрсемен көп жылдар өтіп кетеді екен», — деп сырын ашты продюсер.

Перейти к новостям спорта