"Халық билет алу үшін сағаттап кезекте тұрды, мұның қолында елу билет": "Қайрат-Реал" билеттерін жарты миллионға сатқан Нұрлан Еспановтың ұлы тағы да елді шулатты - kaz.caravan.kz
  • $ 503.17
  • 600.89
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Халық билет алу үшін сағаттап кезекте тұрды, мұның қолында елу билет": "Қайрат-Реал" билеттерін жарты миллионға сатқан Нұрлан Еспановтың ұлы тағы да елді шулатты

"Халық билет алу үшін сағаттап кезекте тұрды, мұның қолында елу билет": "Қайрат-Реал" билеттерін жарты миллионға сатқан Нұрлан Еспановтың ұлы тағы да елді шулатты

Танымал журналист Гүлбану Әниятқызы бүгін Алматыда өтетін "Қайрат-Реал" ойынына билеттерді сатқан Нұрлан Еспановтың ұлын қатаң сынға алды.

  • 30 Қыркүйек 2025
  • 50
Instagram/Гүлбану Әниятқызы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист өз ойын желідегі парақшасында білдірді.

«Қаншама жанкүйер «Қайрат-Реал» матчына билет таппай зар илеп жүрсе, Нұрлан Еспановтың ұлы билеттерді ашықтан-ашық сатып, бизнес жасап отыр. Бағасы — 1600 доллар!

Халық бір билет алу үшін сағаттап кезекте тұрды, ал бұл адамның қолында елудей билет. 
Сұрақ — қалай⁉️

Бір адамға 3-тен артық билет сатылмайды деген уәде қайда? Тағы да баяғы таныстық, сыбайлас қамқорлық па? 

Әкесінің құнына саудалап, алыпсатарлықпен айналысудан осындай ел алдындағы азаматтар ұялса нетті!!!», — деп жазды журналист.