“Оригинал Гучи мен Шанель жараспайтын адамдар болады екен ау” - Гүлмира Әбіқай Олжас Байділдинов туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Оригинал Гучи мен Шанель жараспайтын адамдар болады екен ау” - Гүлмира Әбіқай Олжас Байділдинов туралы

“Оригинал Гучи мен Шанель жараспайтын адамдар болады екен ау” - Гүлмира Әбіқай Олжас Байділдинов туралы

Алматы мен Астанада автобус бағасын 500 теңгеге көтеруді ұсынған Олжас Байділдінов туралы журналист Гүлмира Әбіқай сөз қозғады.

  • 14 Қазан
  • 32
Screenshot

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Билет бағасы 500 тг болсын деп елді шулатып жүрген Олжас Байділдинов кім? Энергетика министрінің бұрынғы кеңесшісі. Олжас өзін газ-мұнай саласындағы нөмір N1 сарапшы санайды
Осы сарапшы Қаңтар алдында “көтерілген газ бағасы ұнамаса автобуспен жүріңдер!” деп бір шулатты, арты қырғын болды, білесіздер. Содан бері төбе көрсетпей кеткен қарағым кеше шығып “Алматы мен Астана қалаларында автобус ақысы 500 тг. көтерілсін. Қоғамдық көлікке мініп бір аялдама жүретіндер мен басынан соңғы аялдамаға дейін баратындар ақысында айырма болу керек” деп көкіді. Жұрт тағы дүрлікті.
Министрлік автобус тарифін біз емес, әкімдік тағайындайды деп құтылды.
Менің айтпағым, оригинал Гуччи мен Шанель жараспайтын адамдар болады екен-ау”, — деп жазды журналист.

Перейти к новостям спорта