Жалпы практика дәрігерлері жаңа регламент бойынша жұмыс істейді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалпы практика дәрігерлері жаңа регламент бойынша жұмыс істейді

Жалпы практика дәрігерлері жаңа регламент бойынша жұмыс істейді

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық-санитариялық алғашқы көмектің жаңартылған стандартын бекітті

  • 17 Қараша
  • 4
ФОТО: pixabay.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, негізгі өзгеріс — жалпы практика дәрігерінің жұмыс күнінің жаңа ережесі.

Жалпы практика дәрігерінің жұмыс күні қазір 8 сағатты құрайды:

— 6 сағат — пациенттерді қабылдау,

— 2 сағат — құжаттаманы рәсімдеу және жоспарлы сапарлар.

Бұл режим қабылдау сапасын арттыруға және дәрігерлерге жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

2027 жылға қарай барлық МСАК ұйымдары жалпы практика қағидаттарына көшеді. Терапевттер мен педиатрлар мобильді және мультидисциплиналық топтардың құрамына кіретін бейінді мамандар ретінде жұмыс істейтін болады.

Перейти к новостям спорта