Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның дерегінше, 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаттарымен Қазақстан аумағында 14 463 шетел азаматы жұмыс істейді.
Олардың басым бөлігі шетелдік жұмыс күшінің үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санатына жатады – тиісінше 3 774 және 1 118 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 780 адам тартылған, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде 4 003 маман еңбек етуде.
Бұған қосымша, мынадай санаттар бар:
- басшылар мен олардың орынбасарларына арналған бірінші санат бойынша 544 рұқсат;
- құрылымдық бөлімше басшыларына арналған екінші санат бойынша 2 245 рұқсат.
Шетелдік азаматтар ең көп жұмыс істейтін салалар:
- құрылыс – 4 908 адам;
- ауыл, орман және балық шаруашылығы – 2 808 адам;
- тау-кен өндірісі және карьерлерді өңдеу – 1 173 адам;
- өңдеу өнеркәсібі – 1 105 адам.
Қазақстанда жұмыс істеп жүрген шетелдіктердің негізгі келетін елдері:
- Қытай – 5 405 адам;
- Өзбекстан – 2 455 адам;
- Түркия – 1 042 адам;
- Үндістан – 1 012 адам.
Айта кетейік, бір ай бұрын Қазақстанда 14 666 еңбек мигранты тіркелген еді.