Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа салмақталған бағамы 518,19 теңге болып, тағы 0,98 теңгеге төмендеді.
Еуроның орташа салмақталған бағамы 598,20 теңге (+0,52) деңгейінде тіркелді.
Ресей рублі 6,44 теңге деңгейінде қалды.
Қытай юанінің таңғы саудадағы бағамы 72,82 теңге (-0,30) болды.
Валюта айырбастау пункттерінде доллар 519,2–527,6 теңгеден, еуро 600,2–604,6 теңгеден, рубль 6,34–6,46 теңгеден сатып алынып, сатылуда.
Әлемдік мұнай бағалары 20 қарашада өсті.
Brent маркалы мұнайдың қаңтар айына фьючерсі 0,7%-ға өсіп, баррелі $63,94 болды.
WTI маркалы мұнай қаңтар айына 0,7%-ға қымбаттап, баррелі $59,67 деңгейіне жетті.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 519,41 теңге, еуроны 600,85 теңге, рубльді 6,41 теңге деп белгіледі.