"Бар күшімен теуіп жіберді": Алматыда ер адам аулада ойнап жүрген баланы бүкіл салмағымен теуіп, жерге сұлатып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бар күшімен теуіп жіберді": Алматыда ер адам аулада ойнап жүрген баланы бүкіл салмағымен теуіп, жерге сұлатып салды

"Бар күшімен теуіп жіберді": Алматыда ер адам аулада ойнап жүрген баланы бүкіл салмағымен теуіп, жерге сұлатып салды

Алматы қаласы, Алатау ауданында ер адам бар салмағымен аулада ойнап жүрген баланы теуіп, елдің қызу талқысына түсті.

  • 1 Желтоқсан
  • 13
Instagram/abdulla_kzkz

Бұл туралы Caravan.kz. медиа порталы хабарлайды.

Желіде тараған видеода ересек адамның ауладағы баланы бар күшпен теуіп жібергенін анық көруге болады.

Жазба авторы оқиға Алматы қаласы, Алатау ауданындағы «Каспий» тұрғын-үй кешенінде орын алғанын айтады. Пабликтің мәліметінше, балалар арасында түсініспеушілік орын алған. Осылайша ер адам жасөспірімді жүгіріп келіп, теуіп жіберген.

Ол аздай оның әйелі де келіп, баланың әжесінің көзінше оның құлағынан бұраған. Өкініштісі, ерлі-зайыптылар бұл жағдайда өздерін кінәлі сезінбейді.

Қазіргі таңда учакскелік полицейлердің айтуларынша, қос тарап өзара келісімге келе алады. Десе де, баланы тепкен ер адам баланың еміне қажет соманы өтеп беруі тиіс.

Желі қолданушылары аталған жайтты қызу талқылап, ер адамды жауапкершілікке тарту қажеттігін жарыса жазуда.

Перейти к новостям спорта