Журналист Сәуле Әбілдаханқызы 12-де туған күнмен құттықтайтындарды заңмен тыйым салу керектігін ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Журналист Сәуле Әбілдаханқызы 12-де туған күнмен құттықтайтындарды заңмен тыйым салу керектігін ұсынды

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы 12-де туған күнмен құттықтайтындарды заңмен тыйым салу керектігін ұсынды

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы түнгі 12-ден кейін туған күнмен құттықтайтындарға заңмен тыйым салу керек екенін айтты.

  • 5 Желтоқсан
  • 17
Stan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Түнгі 12-де туған күнімен құттықтап, «сюрприз» деп, у-шу етіп кіріп бару о баста 15-20-дағы бір кеңкелестің ойына тура келді, — солай істеді… шетелдік бір кинолардан көріп алған ғой… Сосын еліктегіш-солықтағыш «фантазиясы терең» қазақ не істеді? Ары қарай «өсіріп», «түрлендіріп», «дамытып», (торт жағып, ұн шашып, төбесіне сок, шампан құйып, салют атып, музыканы айғайлатып т.с.с., одан сайын санасыздандырып іліп алып кетті… Жастардан өтіп үлкендерге, кәрілерге жұқты… Құдай сана бермесе қиын ғой… Адам деген бұл уақытта ұйықтау керек қой… Оның несі сюрприз? Мысалы, маған ондай сюрприздің бір тиынға керегі жоқ… «Сюрприз» деген — адамды қуанту керек қой… ондай «сюрпризге» мен вашше қуанбаймын… өйтіп құттықтағанша, құттықтамай-ақ қойғаны жақсы… Әңгіме жоқ, ертеңіне, күндіз, адам сияқты, жайылған дастарханға кел… айтып кел… Қуана-қуана етімді асып, қазымды турап, салатымды жасап, құшақ жая қарсы аламын… (негізі, балам қайтқалы туған күнді де, жаңа жылды да тойламайтын болғам… «құшақ жая қарсы алады» деп шынымен кеп тұрмаңдар… мен туған күн тойламаймын…

Жасы болсын, кәрісі болсын — түн ортасында айғайлап, шулап, салют атып, музыканы бақыртып… мұндайды мәдениетсіздік, білімсіздік, ұятсыздық, санасыздық, парықсыздық, өресіздік, топастық, тәрбиесіздік, көргенсіздік, тексіздік, даңғойлық, дарақылық дейді… Кей балалар жасы келген ата-анасын түн ортасында солай сүйрелеп, лайк үшін соткаға түсіріп, шаршатып жүреді. О байғұстар «қойыңдар, керек емес» деуге балаларының көңілін қимайды… ренжіп қала ма, ұрсып тастай ма деп қорқады… Әйтпесе жасы келген, көзі іліну де мұң, 2-3 сағат тырп етпей тәтті ұйықтау арман боп қалған үлкен кісілерге ондай «сюрприз» көк тиынға керек емес шығар, Құдай біледі…

Қысқасы, түнгі 12-де туған күн деп дүрлігуді қойыңдар, қазақтар. Балаларыңа соны айтып түсіндіріңдер… бұл мәселені ата-ана да, мектеп те, колледж де, ЖОО да балалардың миына жеткізіп, санасына сіңіріп тұрып айтып, түсіндіріп, керек болса, ұрсып, тоқтату керек…

Ал тойларда шырақты өшіру, торттың бетіндегі балауыз шамды үрлеп өшіру — өзің жаққан отыңды өзің өшіру. Болашағыңды, жарығыңды өшіру. Естеріңізге түсіріңіздерші, «Қыз Жібек» фильмінде Айша бибі кесенесіне барған Жібек түнде көрген түсін айтатын жері бар… «Алдымда жанған шырағым, біреу үрлеп өшіріп, көзімнен болды сол ғайып…» дейді… Қазақ «шырағың сөнбесін!» дейді. Оның мәні өте тереңде… (Ерінбесем, бір күні түсіндіріп, таратып жазармын, Құдай қаласа… хотя… бұл мәселені айтып, жазып жүргенімізге де 20 жылдан асты…

Түн ортасындағы туған күнге оралайық… Әрине, үй ішіндегі отбасы мүшелері ғана туған күн иесін құттықтап, бетінен сүйсе, болды емес пе? Мейлі, сыйлықтарын беріп, дастархан жасап, таңға дейін тойлатса да өз еріктері… Ал ол үйде тұрмайтын бөтендер ертеңіне түсте барса да, кешке барса да, ештеңеден құр қалмайды…

Иә, айналайын өкімет заңмен тоқтау салып, сондай кеңкелестерге айыппұл төлеттірсе, тіпті қуанар едім”, — деп жазды журналист.

Перейти к новостям спорта