Алматыға шұғыл қонған ұшақтың бір жолаушысы көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.88
  • 585.83
0 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыға шұғыл қонған ұшақтың бір жолаушысы көз жұмды

Алматыға шұғыл қонған ұшақтың бір жолаушысы көз жұмды

Алдын ала мәлімет бойынша, ол шетел азаматы.

  • 26 Желтоқсан 2025
  • 11
Фото: lufthansa.com

Мюнхеннен Бейжіңге қарай бет алған шетелдік Lufthansa компаниясының ұшағы Алматыға шұғыл қонуға мәжбүр болды. Себебі, борт ішінде бір әйел адам көз жұмған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy.

Қазақстанның Көліктегі полиция департаменті хабарлағандай, борт ішінде бір әйелдің жағдайы күрт нашарлаған соң, ұшақ Алматы әуежайына қонған. Әуежайдың дәрігерлері мен оқиға орнына жеткен жедел-жәрдем әйел адам ұшақ қонбай тұрып көз жұмғанын мәлімдеген.

«Алдын ала болжам бойынша, әйелдің жүрегі тоқтап қалған. Марқұм шетел азаматы», — деп хабарлады көліктегі полиция департаменті.