Елімізде жаңа бағыттар ашылып, халықаралық әуе рейстері көбейді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жаңа бағыттар ашылып, халықаралық әуе рейстері көбейді

Елімізде жаңа бағыттар ашылып, халықаралық әуе рейстері көбейді

Мемлекет басшысы Қазақстанның көлік-логистика әлеуетін кеңейтіп, елімізді Еуразиядағы ірі транзит хабына айналдыруға жіті мән береді

  • 30 Желтоқсан
  • 2
Фото: Thai AirAsia X баспасөз қызметі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жол құрылысы

Руслан Желдібайдың сөзінше, 2025 жылы 13 мың шақырым автокөлік жолын салу және жөндеу жұмыстары басталды. Жаңа жолдардың ұзындығы — 1,9 мың шақырым. Стратегиялық тұрғыдан маңызды күрежолдар қатарында Орталық — Батыс автомагистралы, Қарағанды — Жезқазған, Ақтөбе — Ұлғайсын, Атырау — Доссор учаскелері бар.

Әуе қатынасы

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Зайсан, Катонқарағай және Кендірліде үш жаңа әуежай құрылысы басталды. Арқалық әуежайын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. 

Президент әуе арқылы жүк тасымалдайтын алғашқы ұлттық компанияны құру бастамасын қолдады. Бұл еліміздің көлік әлеуетін дұрыс пайдаланып, әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді.

2025 жылы ел нарығына бірқатар жаңа әуе компаниясы кірді. Бұдан бөлек, 35-тен астам жаңа бағдар, соның ішінде тұңғыш рет Шанхай, Гуанчжоу мен Мюнхенге тікелей рейстер ашылды.

Теміржол

Қызылжар — Мойынты екінші жолының, Алматы маңындағы айналма жолдың, Дарбаза — Мақтаарал және Бақты — Аягөз жаңа теміржол желілерінің құрылысы жүріп жатыр.

Ел аумағындағы 124 вокзалға күрделі жөндеу, жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Фото: Ақорда

Перейти к новостям спорта