Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”2025 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 125-1-баппен (“Некеге тұруға мәжбүрлеу”)толықты.
Алайда заңнамада арнайы бап пайда болғанымен, қыздарға қатысты қоғамдық көзқарас пен жыныстық-гендерлік зорлықтың мәдени қабылдануы өзгермей тұр. Қайтыс болған Нұрай сол құрбандардың бірі әрі өкініштісі де сол соңғысы деп те айта алмаймыз.
Альберт Бандураның әлеуметтік үйрену теориясы бойынша, адам мінез-құлқы тек тікелей тәжірибе, жазалау немесе мадақ арқылы ғана емес, басқалардың әрекетін бақылау арқылы да қалыптасады. Бұл құбылыс ғылымда бақылау арқылы үйрену (observational learning) деп аталады.
1961–1963 жылдары жүргізілген әйгілі Bobo Doll тәжірибесінде балаларға ересек адамның агрессивті әрекеті көрсетілді. Кейін балалар ойын бөлмесіне жіберілгенде:
-модельденген әрекетті сол күйінде қайталағаны,
-кейбірінің қосымша агрессия ойлап тапқаны байқалды.
Бұл тәжірибе зорлықты тек тікелей көрудің өзі мінез-құлық моделін қалыптастыратынын дәлелдеді.
Бандура бұл құбылысты жалпылап, медиа тек ақпарат бермей, мінез-құлық үлгілерін ұсынады деп пайымдады. Егер агрессиялық әрекет:
-жиі көрсетілсе,
-жазаланбаса немесе
-марапатталса, онда ол қалыпты модель ретінде қабылдануы мүмкін.
Бүгінгі медиа алаңда бұл механизм мынадай тізбекпен сипатталады. Яғни зорлықты көп көру:
-эмоционалдық сезімталдықты төмендетеді (десенситизация),
-зорлықты әлеуметтік тұрғыда қалыптыға айналдырады (нормализация),
-мінез-құлықты меңгеруге жағдай жасайды (үйрену).
Гендерлік зорлық туралы контент көбіне:
-агрессорды әрекет етуші субъект,
-әйелді объект немесе құрбан ретінде бейнелейді.
Бұл ұзақ мерзімде гендерлік нормаларды қайта өндіруді күшейтеді.
Сол үшін кез-келген зорлыққа қатысты бейнені не ақпаратты бөлісуге асықпаңызшы, өтініш.
Зорлыққа қарсы күрес тек заңға емес, санаға сүйенсе ғана, нәтиже береді”, — деп жазды феминист.
Естеріңізге салсақ, 21 жасар қыз пышақ жарақатынан қаза тапқан еді.