"Шаршап кеттім, қу жетіспеушілік": Көп балалы ана елдегі жағдайды айтып, жылап жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 509.63
  • 592.34
-14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шаршап кеттім, қу жетіспеушілік": Көп балалы ана елдегі жағдайды айтып, жылап жіберді

"Шаршап кеттім, қу жетіспеушілік": Көп балалы ана елдегі жағдайды айтып, жылап жіберді

Бұл туралы Сaravan.kz. хабарлайды. "Жылағым келіп кетті. Қазақстанға тұратынымызға мақтанамыз-ау. Атасының басына мақтанамыз ба екен? Б

  • 19 Қаңтар
  • 26
Instagram/rustembayaziev

Бұл туралы Сaravan.kz. хабарлайды.

«Жылағым келіп кетті. Қазақстанға тұратынымызға мақтанамыз-ау. Атасының басына мақтанамыз ба екен? Бір жарым сағат пол жудым. 10-12 мың үшін өліп-талып жұмыс істейсің. Таксимен барып, таксимен қайтасың. Азаннан кешке дейін ыдыс жуасың, өлермендей болып.

Айлықтары осы, Қазақстанда тұрамыз деп мақтанамыз, атасының басына мақтанамыз. Қаңғырып жүрісіміз мынау, Үкіметтен берілген үйді ала алмаймыз. Мемлекеттік бағдарлама шықты, онда да жұмыс істедік. Үш рет барып, қайта-қайта тапсырдық.

Кілең үйлері бар, жалақылары барлар алады. Сосын жас отбасы дейді, олай тапсырып көрдік, тағы да алмаймыз. Сөйтіп көп балалы отбасы боламыз. Бір жетпейтін айлықтары бар, сосын АСП деген бар, оған тапсырайық десек, жолдасымның жалақысын асырып жібереді.

Ай, Қазақстан, Қазақстан. Отырмыз өзімізге тиесілі үйді де ала алмай. Бір айлық дымға да жетпейді. Туыстар айтады, жұмысқа шықпай ма деп. Шиеттей бала-шағаны кім қарайды? Жазда, күйеуім демалысқа шыққанда істедім. Балам үйді өртей жаздады. Шаршап кеттім, қу жетіспеушілік. Үйге салған ақшамыз, бала ауру болып туып, соның еміне кетіп жатыр», — дейді ол.