Адамдардың бәрінде аутизм белгілері бар, РАС, ЗПРР қалыпты жағдайға айналады - психолог - kaz.caravan.kz
  • $ 507.05
  • 594.82
-10 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Адамдардың бәрінде аутизм белгілері бар, РАС, ЗПРР қалыпты жағдайға айналады - психолог

Адамдардың бәрінде аутизм белгілері бар, РАС, ЗПРР қалыпты жағдайға айналады - психолог

Психолог Эльмира Кударова 20-30 жылдан кейін халық арасында аутист, РАС, ЗПРР белгілері бар адамдардың көбейетінін болжады.

  • 21 Қаңтар
  • 19
Instagram/elmira.kudarova

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Психолог қазірдің өзінде адамдардын бойынан аутизм белгілері байқалатынын жеткізді.

«Біраз уақыттан кейін аутизм, РАС, ЗПРР қоғамда қалыпты жағдайға айналады. Оны тіпті ауру деп айту да қиын. Себебі ол нейроқабылдауы басқа адамдар. Қазір қаншама аутист балалар бар. Солардың бәрі өседі. Ал статистика бойынша олардың көрсеткіштері жыл сайын 2-3 есеге өсіп келеді.

Енді бір 20-30 жылдан кейін аутистердің саны одан да көп болады. Бұл бүкіл адамзатқа беріліп отырған белгі. Ол дегеніміз өзіңді өзгерту керек дегеннің белгісі. Қазір біздің дәуірдің адамдарының өзі жалғыздықта өмір сүруде. Бәріміз бір-бірімізбен әлеуметтік желі арқылы араласамыз.

Бір-бірімізбен отырып, көзбе-көз сөйлесуден қалдық. Егер ересек адамдардың өзін зерттесек, бәрінде аутизмнің белгілері бар екенін көруге болады. Сондықтан бәрін өзімізден бастауымыз керек», — деді ол.