Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Threads әлеуметтік желісінде шулы түнгі клубта шиеттей сәбиімен бірге жүрген ананың видеосы тарады. Онда бүлдіршіннің тіпті 1 жасқа толмағанын көруге болады.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша жас ана баласын тастап, тіпті ортадағы би алаңына шығып, билеп жүрген. Сондай-ақ кейбіреулер бәлкім оның ішімдік ішкенін топшылауда.
Желі қолданушылары ананың бұл әрекетін қатаң сынға алып жатыр. Олар: «Бөпеге мұндай шулы жер зиян, түнде шошымаса болды», «Балаға обал екен, қалай тастап кеткен жалғыз өзін», «Жаным, қайда келдім деп ойлап отырған шығар» деген пікірлерін жаудырып жатыр.