”Осы уақытқа дейін босқа жүрген жоқпын”: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі қуанышты жаңалығымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 501.02
  • 597.27
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Осы уақытқа дейін босқа жүрген жоқпын”: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі қуанышты жаңалығымен бөлісті

”Осы уақытқа дейін босқа жүрген жоқпын”: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі қуанышты жаңалығымен бөлісті

Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев оқырмандарынан сүйінші сұрап, қуанышты жаңалығымен бөлісті.

  • 2 Ақпан
  • 208
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі парақшасында кино түсіру процесіне кіріскенін айтты.

«Ассалаумағалейкүм, ағайын! Сүйінші! Киноның жұмыстары басталды. Мен бұл уақытқа дейін босқа жүрген жоқпын. Қазақстанның түкпір-түкпірінде жүрдім. Өздеріңіз көріп отырғандай, өзіме серіктес іздедім, идея іздедім. Нарықты зерттедік. Аллаға шүкір, өзіме керектіні таптым. Алдағы уақытта мен осы кинодағы актерлар жөнінде де мәлімдеме жасайтын боламын. Әсіресе басты рөлдегі актер жөнінде өте қызық мәлімдеме жасаймын. Қолдауларыңызды күтемін. Барлықтарыңызға Алла жар болсын», – деді ол.

Желі қолданушылары актерге сәттілік тілеуде.

”Сәттілік, мен саған сенемін”, “Жеке өзіңізді танитын адам сіздің өте сабырлы, өнерлі екеніңізді айтты. Сәттілік серігіңіз болсын”, “Басындай солай істеуің керек еді”, “Күтеміз, ой салар туынды болсын”, — деп жазды олар.

Еске салайық, бұған дейін Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат беріп, актрисамен 16 жылдық некесі, туыстарымен қарым-қатынасы және өзінің өкініштері туралы айтқан еді.