Қазақстанда 240 млрд теңгеге геологиялық зерттеу жүргізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 494.28
  • 587.06
-6 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 240 млрд теңгеге геологиялық зерттеу жүргізіледі

Қазақстанда 240 млрд теңгеге геологиялық зерттеу жүргізіледі

Геологиялық зерттеуге шамамен 240 млрд теңге бөлу жоспарланып жатыр

  • 13 Ақпан
  • 2
Фото: Павлодар география үйі ұсынды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп жазды Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Алдағы үш жылда мемлекеттік геологиялық зерттеуге шамамен 240 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі геология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қанат Ерубаев мәлімдеді.

Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған аукциондардан түскен келісімшарттық бонустың 50%-і мемлекеттік геологияны дамытуға бағыттау заңнамалық тұрғыдан бекітілген.

«2027 жылдың наурыз, сәуір айларына дейін алғашқы перспективалы учаскелер анықталып, аукционға шығарылады. Бұл инвестициялар легін тудырады, келісімшарттық бонустардың түсуін қамтамасыз етеді және экономика үшін мультипликативтік әсерді күшейтеді», — деді спикер.