Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Абай облысында жел энергиясы мен күн сәулесін пайдалануға негізделген жаңартылатын энергия көздері дамып жатыр, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Бүгінде өңірде жалпы белгіленген қуаты 159,7 МВт болатын 8 ЖЭК нысаны жұмыс істейді.
Оның ішінде:
7 жел электр станциясы – 129,7 МВт;
1 күн электр станциясы – 30 МВт.
Жел энергетикасы ерекше орын алады. Өңірдегі ең ірі нысан – Аягөз ауданында орналасқан қуаты 100 МВт «Абай-1» жел электр станциясы.
Сондай-ақ облыста «Винд Чарск», «ВЭС-Чарск», «Чарск Ветер», DES Consulting, Ventum Energy және EastWindEnergy жел энергетикасы нысандары жұмыс істейді.
Күн энергетикасы Жарма ауданында орналасқан қуаты 30 МВт «Жангиз Солар» электр станциясымен ұсынылған.