Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Даниядағы қазақ азаматының видеосы желідегі танымал парақшалардың бірінде пайда болды.
«Біз бұл жерде 1985 жылдан бастап тұрып келеміз. 15 жаста келіп, қазір 52 жастамын. Біздің аталарымыз, менің атам Базарбай 1930 жылдары репрессия болды. Кілең білімді, көзі ашық, қазақтың интеллегенциясының бәрін атып тастады ғой.
Бір күні кешке менің атамды атып тастауға келгенде, себебі қызылдар мен ақтар болып бөлінді ғой? Соның ішінде туысқаны келіп, атама айтады. Базарбай, көзіңді құрт, саған ертең келеді деген. Сөйтіп, түнде көш бастап, Өзбекстанға, Бұқараға көшіп барады. Орыстың қысымы ол жақта да көп болғаннан кейін, Ауғанстанға көшеді.
Мен Ауғанстанда 1972 жылы дүниеге келдім. Одан кейін бізді сағынып қалған орыс ағайындар тағы да Ауғанстанға келді ғой? Сосын Ауғанстан соғысынан кейін біз Данияға келдік», — деді ол.