Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желіде Қазақстан қорғаныс министрінің еліміздің әуе кеңістігі арқылы әуе кемелерінің ұшып өтуіне қатысты ресми мәлімдемесі ретінде ұсынылған бейнеролик таралып жатыр.
Министрлік аталған бейнематериал жалған екенін мәлімдеді.
«Видео жасанды интеллект технологияларын (deepfake) пайдалану арқылы жасалған, ал дауыс бұрынғы сұхбат негізінде құрастырылған. Таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және қорғаныс ведомствосының ресми ұстанымын білдірмейді», — деп жазылған хабарламада.
Ведомство бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен әлеуметтік желі пайдаланушыларын тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.