Қазақстанда 10 мың теңгелік ескі купюраларды қолдану мерзімі ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.46
  • 543.1
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 10 мың теңгелік ескі купюраларды қолдану мерзімі ұзартылды

Қазақстанда 10 мың теңгелік ескі купюраларды қолдану мерзімі ұзартылды

2026 жылғы 6 наурызда өткен брифингте Қазақстан Ұлттық банкі төрағасы Тимур Сүлейменов 10 мың теңгелік ескі купюраларды қолдану мерзімі туралы пікір білдірді

  • 6 Наурыз
  • 11
фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, 10 мың теңгелік ескі купюраларды қолдану мерзімі тағы бір жылға ұзартылмақ.

«Бұл купюраларға сұраныс өте жоғары және екінші деңгейлі банктер бізге осы мерзімді тағы бір жылға ұзартуды сұрады. Бұл қалыпты жағдай. Мерзім 2027 жылғы маусым айында аяқталуы керек», – деп атап өтті Ұлттық банк басшысы.

Айта кетейік, 2026 жылғы 26 қаңтарда Ұлттық банктің баспасөз қызметі ескі банкноттарды жаңа «Сақ стилі» сериясына ауыстыру туралы маңызды мәлімдеме жасаған болатын.