Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Болжамға сәйкес, атмосфералық фронттардың әсерінен елдің көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады – жаңбыр мен қар жауады.
«Елдің солтүстік-шығысы мен орталығында – қатты қар, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста – кей жерлерде қар мен жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, беткейлерде мұздақ, тұман, солтүстік аймақтарда боран күтіледі», – делінген «Қазгидромет» баспасөз хабарламасында.
Температура өзгерістері
Көптеген облыстарда ауа температурасының көтерілуі күтіледі:
- Батыс: түнде -15…-28°С-тен -6…+2°С-қа, күндіз -2…-13°С-тен 0…+10°С-қа;
- Оңтүстік-батыс: түнде -8…-16°С-тен -6…+2°С-қа, күндіз 0…8°С-тен +5…+13°С-қа;
- Солтүстік-батыс: түнде -22…-33°С-тен -2…-10°С-қа, күндіз -15…-20°С-тен -2…+3°С-қа;
- Солтүстік: түнде -15…-33°С-тен -10…-23°С-қа, күндіз -15…-25°С-тен 0…+7°С-қа.
Ауа температурасының төмендеуі күтіледі:
- Шығыс: түнде 0…-8°С-тен -15…-30°С-қа, күндіз -2…+3°С-тен -3…-18°С-қа;
- Оңтүстік: түнде -2…-21°С-тен -7…-23°С-қа, күндіз -13…+5°С-тен 0…+5°С-қа;
- Оңтүстік-шығыс: түнде -11…+5°С-тен -10…-28°С-қа, күндіз -6…+7°С-тен 0…-15°С-қа.
Орталықта түнгі температура -2…-15°С-тен -15…-30°С-қа дейін төмендейді, кейін 12 наурызда -10…-21°С-қа дейін көтеріледі; күндіз -2…-15°С-тен -10…-20°С-қа төмендеп, 12 наурызда 0…+10°С-қа көтеріледі, – деп толықтырды «Қазгидромет» баспасөз қызметі.
Бұған дейін синоптиктер Ираннан келетін қышқыл жаңбырлардың Қазақстанға жету мүмкіндігі туралы айтып берген еді.