Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол Stan.kz-ке берген сұхбатында журналистің «бостондық неке туралы не ойлайсыз?» деген сұрағына жауап берді.
«Қазіргі әйелдер бұрынғы әйелдер сияқты емес. Мысалы, біз аналарымызға «мына нәрсеге қалай шыдадыңыз» дегенде «бізде басқа жол болған жоқ» деп жауап береді. Өйткені, барлық әйелдің жағдайы бірдей. Бәрін тастап қалаға кетіп қалу деген жалғыз нұсқа болды. Бірақ ол жақта да кепілдік жоқ. Қазіргі әйелдерде өмір сүрудің 100 нұсқасы бар. Еркекпен, еркексіз, азаматтық неке, көңілдес деген секілді неше түрлі нұсқа бар. Сондықтан еркектерге айтарым, бақытты өмір сүрем, өзім сүйген әйелмен өмір сүрем десең басқа нұсқалармен бәсекелестікке шыдауың керек. Сенсіз сүретін өмірден жақсы нұсқа ұсынуың керек. Менімен өмір сүрсең, қауіпсіз, материалды жеткілікті, әңгіме қызықты болады деп бәсекеге қабілетті болуың керек. Сондай жігіт болсаң ғана сүйген қызыңды ала аласың. Ал бәсекеге қабілетті болу үшін өзіңді жан-жақты жетілдіруің керек», — дейді ол.