”Жершілдік пен рушылдық жоқ”: Көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері алып-қашпа әңгімелерге нүкте қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 482.49
  • 556.75
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Жершілдік пен рушылдық жоқ”: Көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері алып-қашпа әңгімелерге нүкте қойды

”Жершілдік пен рушылдық жоқ”: Көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері алып-қашпа әңгімелерге нүкте қойды

Көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері Нұрдәулет Момынов әлем чемпионатына команданың жасақталуына қатысты сұрақтарға жауап берді.

  • 19 Наурыз
  • 9
https://www.instagram.com/__nurdaulet79

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әлеуметтік желіде көкпардан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасына қатысты түрлі алып-қашпа әңгіме тараған еді. Осы ретте бас бапкер Аслан Қаженовке берген сұхбатында команданы қалай жасақтағанын айтты.

”Ұлттық құраманы қысқа уақыт ішінде дайындап, жасақтадық. Негізгі көшпенділер ойындарында ойнаған 5 шабандоз. Олар: Елдос Асыл, Есжан Құрманбай, Құрманбек, Абылайхан, Бақытжан Әзімбаев. Қалған 7 бала келешекте көшпенділер ойындары болсын, басқа да дүбірлі додаларға барады деген үмітпен сынап көру мақсатында әлем чемпионатына қосқан болатынбыз. Әлеуметтік желіде “рушылдық, жершілдік” деп қызу талқы болып жатыр. Ондай ештеңе жоқ. Іріктеу өткіземіз. Ол жерге көзге түскен балаларды шақыртып, ары қарай жұмыс істейміз. Қай бала мықты соны іріктеп құрамаға қосамыз”, — дейді ол.

Сондай-ақ, Нұрдәулет Момынов алдағы халықаралық ойындарға жас шабандоздардан құралған команданы дайындап отырғанын да мәлімдеді.

“Алдағы халықаралық ойындарға екінші құраманы жасақтап отырмыз. Өзбекстанда үлкен дода өтеді. Қырғызстан, Тәжікстан елдері өз атымен келеді деп жатыр. Ойымда жүрген жас балаларды сол ойынға қойып жатырмын. Сол жақта жақсы өнер көрсетсе, ұлттық құрамаға шақырту алады. Тағы бір айта кететін жәйт, маған дейін ересектер арасында 36 баланы ұлттық құрамаға кіргізген. Менде 36 баланың ішінде іріктеу болды. Мамыр айында өтетін Қазақстан чемпионатында іріктеліп, 36 жаңа тізім енгізіледі. Бәріне мүмкіндік теңдей беріледі. Мықты құраммен ары қарай жұмыс істейміз”, — дейді ол.

Айта кетейік, 15-21 наурыз аралығында еліміздің рухани астанасы Түркістан қаласында көкпардан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әлемдік додаға 9 ұлттық қатысуда. Олар: Ауғанстан, Қытай Халық Республикасы, Қазақстан, Мажарстан, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия.