"Мен бұлай болады деп ойламадым": Актриса Жанель Мақажанның бұрынғы күйеуі күтпеген мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мен бұлай болады деп ойламадым": Актриса Жанель Мақажанның бұрынғы күйеуі күтпеген мәлімдеме жасады

"Мен бұлай болады деп ойламадым": Актриса Жанель Мақажанның бұрынғы күйеуі күтпеген мәлімдеме жасады

Актриса Жанель Мақажан жақында күйеуімен ажырасқанын айтып, елдің назарына іліккен еді.

  • 24 Тамыз
  • 1
Фото: Instagram/abay.asylkhan

Енді оның бұрынғы күйеуі арада не болғанын айтты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Актрисаның экс-күйеуі не деді?

Ол болған жайтқа қатысты өз шындығын желідегі парақшасында білдірді.

«Мен бұлай болады деп ойламадым. Адам болған соң, армансыз тұра алмаймыз. 4 жыл музыка саласы, 4 жыл актерлік, 2 жыл театрда қызмет ету, фильмдерге түстім. Димаш Құдайбергеннің концертін жүргізіп, кәсіпкерлер мен эксперттерге сенімді сөйлеуді үйретіп жүрмін.

Иә, өмір күрес. Мұның бәрі — бұл бала Абайдың арманының орындалғаны. Ринг-анонсер болу — асқақ арманымның бірі еді. Орындалды. Шаршы алаңда тұрып, мықтыларды хабарлау… Бұл жаңа деңгей!

Сондықтан, арманда, әрекет ет! Арманға деген жол, ешқашан адастырмайды», — деп жазды ол.

Еркекке сенбе, екі босағаңа сен…

Көпшілік оның Жанель Мақажанмен ажырасқанын қатаң сынға алған.

Айта кетейік, актриса Жанель Мақажан бұрынғы күйеуімен ажырасқаны туралы хабарлаған еді.