Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Белгілі болғандай актрисамен бірге оның бұрынғы сүйіктісі, миллионер Хакан Сабанджыдың да қамауға алынған. Екеуіне де уәкілетте органдар есірткі саудасына қатысы бар деген айып тағылып отыр.
Актрисаның өзі болса желідегі парақшасында қазіргі күні шетелде оқуға байланысты сапарда жүргенін, алайда Түркияға келген соң істің мән-жайын анықтап, куәгер ретінде іске қатысатынын мәлімдеген.
«Мен өз елімді шексіз сүйетін, оның Үкіметіне және түрік сотына сенетін адамдардың бірімін. Істің анық-қанығы жақын арада белгілі болады деген сенімдемін», — деп жазды ол.
Естеріңізде болса, бұған дейін Түркияда есірткіні сақтады деген күдікпен 10 өнер иесі қамауға алынған еді. Олардың арасында футбол клубтарының бұрынғы басшылары, актерлер мен сәнгерлер бар еді.