"Төбеміз көкке жеткендей қуанып жатырмыз": Блогер-ұстаз мұғалімдердің тестін алып тастаған Тоқаевқа алғыс айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 475.31
  • 555.54
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Төбеміз көкке жеткендей қуанып жатырмыз": Блогер-ұстаз мұғалімдердің тестін алып тастаған Тоқаевқа алғыс айтты

"Төбеміз көкке жеткендей қуанып жатырмыз": Блогер-ұстаз мұғалімдердің тестін алып тастаған Тоқаевқа алғыс айтты

Блогер, ұстаз Бәкіжан Кәкім мұғалімдер атынан ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

  • 8 Сәуiр
  • 6
Фото: Instagram/baki_zhan

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Оның сөзінше бұл жаңалық мұғалімдер қауымының көптен күткен жаңалығы болған.

«Президентке рахмет, мына тест деген бәле болған еді. Жауаптары бір-біріне өте ұқсас болатын. Оқығанда жауапты табу қиын болатын. Сол ОЗБ-ға қаншама есіл ақша кетті. Қаншама мұғалім категорияларын ала алмады. Кейде жауып тастайды, тіркеліп те үлгермейсің.

Сондықтан тестілеуді алып тастағандарыңыз үшін, мың да бір рахмет. Төбеміз көкке жетіп, қуанып жатырмыз», — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен алынып тастағанын мәлімдеген еді. Аталған жаңалық ұстаздар тарапынан жоғары бағаланып, көпшілік бастаманы қуана қабылдап жатыр.