Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан жарыстың алғашқы күнінде жүлдесіз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.08
  • 558.28
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан жарыстың алғашқы күнінде жүлдесіз қалды

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан жарыстың алғашқы күнінде жүлдесіз қалды

Қазақстан құрамасы дзюдодан Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күнін аяқтады.

  • 16 Сәуiр
  • 5
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Финалдық кезеңге ұлттық құраманың үш өкілі жолдама алғанымен, жүлдеге қол жеткізе алмады.

Қола медаль үшін Шерзод Давлатов, Аман Бақытжан (60 келіге дейін) және Нұрқанат Серікбаев (66 келіге дейін) күресті.

Давлатов өзбекстандық Самариддин Кучкаровқа жол берді. Бақытжан моңғолиялық Туменаджаргал Тувшинтурға есе жіберді. Ал Серікбаев қытайлық Цзыян Сюуэйден жеңіліп қалды.