Қазақстанда «жасыл» энергия өндірісі 15%-ға өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда «жасыл» энергия өндірісі 15%-ға өсті

Қазақстанда «жасыл» энергия өндірісі 15%-ға өсті

2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нысандарынан электр энергиясын өндіру көлемі 2,3 млрд кВт·сағ құрады

  • 6 Мамыр
  • 5
Фото: eeas.europa.eu

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға жоғары. 2026 жылға арналған болжам бойынша ЖЭК өндірісі 8,8 млрд кВт·сағ деңгейінде болады деген болжам бар.

Биыл жалпы қуаты 245 МВт болатын 10 жаңа ЖЭК нысанын іске қосу жоспарланған. Оның ішінде 4 жел электр станциясы, 5 күн электр станциясы және 1 гидроэлектр станциясы бар.

ЖЭК-тің электр энергиясын өндіру құрылымындағы үлесі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 7%-ға жетті. Қазақстан бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 15%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Еліміз таза энергетика секторын белсенді дамытуда.

Салаға TotalEnergies, China Power, Masdar және China Energy сияқты белгілі халықаралық компаниялар тартылды.

-Ұзақ мерзімді перспективада 2035 жылға дейін елде ЖЭК-тің 8 ГВт-тан астам қуатын енгізу жоспарланып отыр. Бұл жобалар ұлттық энергетикалық жүйенің тұрақтылығын күшейтіп, энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға және энергия теңгерімін әртараптандыруға мүмкіндік береді,-делінген хабарламада.